21.04.2021, 11:00

150 адам жиналған тойды тоқтатып тастады

фото: inform.kz
Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты карантин шараларды күшейтілген болатын.

Тараз қаласында полиция қызметкерлері 150-ден астам адам шақырылған үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

 Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты карантин шараларды күшейтілген болатын. Мобильді топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуге салынған шектеуің сақталуы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуына бақылау жүргізіп келеді.

Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қаладағы тойханалардың бірінде 150-ден астам қонақ шақырылған үйлену тойын өткізу дерегін анықтады. Тойды ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материал жиналды және бас санитарлық дәрігердің талабын бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді.

«Облыстың барлық тұрғындарын азаматтық парызын көрсетуге және адам көп жиналатын орындарға бармауға, жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге және жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әлеуметтік қашықты сақтауға шақырамыз», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.