Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылында 8 ай бұрын күйеуі өлтіріп, тығып тастаған 35 жастағы келіншектің денесі табылды деп жазды kznews.kz. Оны полиция ауылдан небәрі 10 шақырым жерден анықтаған.
Марқұмның туыстары Бұқар жырау аудандық полиция басқармасын қылмыскерді дер кезінде ұстамады деп кінәлайды.
Бұл шулы оқиға туралы ең алғаш болып видео түсіріп, әлеуметтік желіге жазған Айсұлтан Жақыпов бүгін тағы тың деректерді жариялады.
«Себебі, бір мәрте таяқ жеп басы жарылғаны, шов салдырғаны жедел жәрдем шақырғаны тіркелген. Бұндай қорлыққа неге шыдап келген?,-деген заңды сұрақ туындады менің де басымда. Сөйтсем, бір баласын қайын апасының бауырына салған екен. Сол баланы сыртынан болсын көріп жүргісі келген секілді…» дейді Айсұлтан Жақыпов.