Әлеумет 01.05.2021 сағат 04:47

«14 жасымда мені жүкті қылды»: 7 жыл құлдықта болған 18 жасар қыз жанайқайын айтты

Ол өміріндегі соңғы 6 жылын тозаққа теңейді.
«14 жасымда мені жүкті қылды»: 7 жыл құлдықта болған 18 жасар қыз жанайқайын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жеті жыл бойы құлдық қамытын киіп келген келіншек әділдік таппай жүр. 11 жасында зорланғанын айтып, тартқан азабының айтып тауыса алар емес. Ол өзін азаптағандардың заң алдында жазалануын талап етеді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Оқиғаның жай-жапсарын, алматылық әріптесім Әсем Лесбек біліп келді. Алматылық Рада бар-жоғы 18 жаста. Ол өміріндегі соңғы 6 жылын тозаққа теңейді. Айтуынша ес біле сала, құлдық қамытын киген. 11 жасында анасы мен әжесіне еріп, Өзбекстаннан қоныс аударыпты. Содан бері көрмеген қорлығым қалмады деп еске алады.  

"Әжем сол үйдің тазалығына, ал мен 15-20 шақты алабай итке тамақ берумен айналыстым. Сөйтіп жүргенде сол үйдің ұлы - бізді үйіне ертіп барған баласы мені зорлады, ұрып-соқты. Мұрнымды сындырды. Күнде қорлық көрдім, 14 жасымда мен жүкті болып қалдым", - дейді жәбірленуші.

Жігіттің әке-шешесі бұлт жайтты полиция естімеу үшін барын салған көрінеді. Әжесін туыстарының үйіне жіберіп, ал өзіне сес көрсеткенін айтты. Құжатсыз болғандықтан, отбасы мүшелері үйде босандырып алды деп отыр. Екі жылдан кейін екінші нәрестесін дүниеге әкелген. Бірақ шақалақ 3 айдан кейін шетінеп кетіпті. Тек былтыр ғана үйде ешкім жоғын пайдаланып, отбасынан қашып шыққан. Қаладағы көлік жуу орталығына жұмысқа орналасыпты. Ондағылар оның аянышты тағдырын естіп, қоғамдық қорға жүгінуге кеңес берген.

"Отыз бір жастағы күдікті қазір қамауда. Қылмыстық іс ҚР-нің Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 300-бабы тәртібінде зерделеу және одан ары сотқа жолдану үшін прокуратураға жолданды", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар