04.05.2021, 15:00

«Лифтіні тепкілеген»: ерсі қылық жасаған ер адамды іздеп жатыр

фото: inform.kz
Алматы қалалық Полиция департаменті атап өткендей, бұл дерек бойынша ешкім арыз жазбаған.

Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адам лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкіледі. Полиция бұзақыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ер адамның ерсі қылығы әлеуметтік желіде тарады. «Алматы қаласы 8-ықшам аудандағы 41/6-үй. Енді лифт неге жиі бұзылатыны түсінікті болды», - деп жазды желі қолданусының бірі. Алматы қалалық Полиция департаменті атап өткендей, бұл дерек бойынша ешкім арыз жазбаған. Алайда тексеру шаралары ұйымдастырылады.

«Бұл адам анықталып, оның іс-әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Біз оның мұндай іске не үшін барғанын анықтаймыз»,- деді МӘуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

 

Тегтер: лифт Алматы