Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік топ тойға жиналған көпшілікті тарқатуда.
Мәселен, Мақтаарал ауданы тұрғынының үйінде «Беташар» тойын өткізіп жатқанын анықталды. Тойға 60-тан астам адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Осы тұста карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.
Түркістан облысының полицейлері барлық азаматқа карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосу мен той-жиын жасамауды ескертеді.