Алматыда балаларды тонаған 22 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 22 жасар Н. есімді ер адам жәбірленушілер ретінде балаларды таңдаған. Ол кәмелетке толмағандардың қасына келіп, әңгімені бастап, бір рет қоңырау шалу үшін телефон сұрап, қашып кеткен.
"Ол телефонды қолдан жұлып алып, қашып кеткен сәт болды. Бірақ барлық жағдайда күдікті балалармен, дәлірек айтқанда 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдермен әңгімені бастады. Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндірді. Бұл мықты әрі жас жігітке сылтау бола алады ма. Жас кезінде көптеген адамдар қаржылық қиындықтарға кезігеді, бұл өмір кезеңі бізге ақшаны ұтымды пайдалануға, ақша табуға, үнемдеуге, саудаласуға және алған заттарыңа ұқыпты қарауға үйретеді. Енді ПД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғанда адал және заңды түрде ақша табу үшін қандай мүмкіндіктері бар екенін түсінуге тура келеді. Н. есімді ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.