Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
25 мамырда таңертеңгі сағат 06: 00-де "Самара-Шымкент" тас жолының 909 шақырымында, Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Самара-Шымкент тас жолында Nissan Primera автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Қырғызстан азаматы тізгіндеген Mercedes-Benz жүк көлігімен соқтығысқан., - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан Nissan Primera жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.