03.06.2021, 10:40

Aсханадa 22 адам тамақтан уланып қалды

фото: ашық дереккөзі
Оқиға орнына мамандар барып, сынамалар алынды, қоздырғышты анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Бішкектегі Московская көшесі, 136 мекенжайында орналасқан «№1 асхана» кафесінде жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелді деп жазды NEGE.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, улану салдарынан 22 адам ауруханаларға, оның ішінде 9 адам Токмок ауруханасына және 13 науқас Шу Біріккен ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастардан сұрастыру барысында олардың барлығы 25-26 мамырда осы тамақтану орнында бризоль жегені белгілі болды.

Оқиға орнына мамандар барып, сынамалар алынды, қоздырғышты анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, кафеге 15 мың сом айыппұл салынып, болған жағдайдың барлық себеп-салдары анықталғанға дейін жабылды.

Тегтер: тамақ Бішкек