Шымкент қалалық ауруханасының дәрігері қызметкеріне зіркілдеп сөйлегені үшін дауға қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін "адам ағзасын заңсыз алды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "жалған құжат пайдаланды" деп айыпталып, бір жылдай қамауда отырып, кейін ақталған Шымкент қалалық 1-ші клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың басы тағы да дауға қалды.
Аталмыш аурухана қызметкеріне дөрекі сөйлеп, талдау қорытындысын тез бермесең "көресіні көрсетемін" деп зіркілдеп тұрған азамат өзін бас дәрігердің туысымын деп таныстырған.
Бас дәрігердің туысымын деген келуші аурухана қызметкеріне екі минутта сараптама қорытындысын бермесең, сазайыңды тартасың деп қорқыта сөйлейді. Тіпті ашуға булыққа азамат маманға сыртқа шық деп бұйырып тұр. Ал Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жазбаға сай, қызметтік тексеру басталғанын айтты. Дегенмен бас дәрігердің өзі шу шығарған азаматты танымаймын деп отыр.
“Видеоға бейнеленген азаматтың сізге қатысы бар ма? Танисыз ба? – Мен танымаймын. Ешкімді танымаймын ол жерде мен. Тіпті түсірген адамды, кім жазғанды да ешқайсысын танымаймын. Аурухана қызметкеріне зіркілдеп сөйлеген дәрігердің басы дауға қалды”, – дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.