10.06.2021, 12:20

«Алдымен шатыры жанды»: Ақтөбеде ауыл клубы өртенді

фото: inform.kz
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас ауылында клуб өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 9 маусым күні сағат 18:37-де Шалқар ауданы, Қотыртас ауылы, Мектеп көшесінде орналасқан ауыл клубы отқа оранған. «Алдымен шатыры жанды. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт сағат 21: 50-де ауыздықталып, 22:10-да толық сөндірілді. Жалпы аумағы - 187 шаршы метр», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Тегтер: Ақтөбе