Алматы қаласында қыз алып қашпақ болған жігіттердің әрекетінің видеосы желіде тарады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Желіде тараған видео кадрларынан ер адамдардың тұрақта тұрған көлікке қызды салып, алып қашып кетпек болғанын көруге болады. Осы сәтте қыз айқайлап, жылаған. Видео авторының айтуынша, оқиға «Армада» сауда үйінің маңында болған.
Алматы полиция департаменті қыздың арыз жазудан бас тартқанын түсіндірді. Олардың айтуынша, жігітпен ол шамамен үш жыл уақыт кездесіп жүрген.