Алматыда Сүйінбай даңғылының учаскесі жол жұмыстарына байланысты уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"10-15 маусым аралығында сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін жол жұмыстарының жалғасуына байланысты Сүйінбай даңғылындағы Рысқұлов даңғылынан Баянауыл көшесіне дейінгі жол учаскесі уақытша жартылай жабылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және бағытыңызды алдын ала жоспарлап алуды ұсынамыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда жылу желілерін қайта құру жұмыстарына байланысты "Экспериментальная база" көшесі жабылатыны хабарланған болатын.