Мәскеу-сити кешенінің 86-қабатынан, "ОКО" мұнарасының бақылау алаңынан бойжеткен құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РЕН ТВ" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 20 жастағы Диана есімді қыз қаза болған. Ол Мәскеуге Қазақстаннан барғаны хабарланды.
Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Мәскеу тергеу комитеті тексеруді бастап кетті.