Түркістан облысында құтқарушылар тауда жоғалып кеткен екі адамды іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздеу жұмыстарына 127 адам, 15 дана техника, 3 квадрокоптер, иіссезгіш иттер және 1 тікұшақ жұмылдырылған. Әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже берер емес.
Еске салайық, 7 студент Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалып кеткен болатын. 21 мамырда тауға кеткен жас балалар 24-не кері қайтуы керек болған. Алайда, олардан хабар болмаған соң туыстары құтқарушыларға хабар беріп, іздеу жұмыстары 26 мамырда басталды.
Бірер күн өткен соң жетеудің үшеуі аман-есен табылды. Ал, 29 мамырда екі туристің денесін құтқарушылар өзен жағасынан алып шықты. Қалған екі бала әлі табылған жоқ. 8 маусымда құтқарушылар оларға тиесілі рюкзакты тапқан еді.