$ 494.87  520.65  4.91

Маймылға оқ атқан Түркістан тұрғынына қатысты іс қозғалды

Содан соң маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Түркістан облысында көлгіне маймыл салып алып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысының полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бөлек, әлеуметтік желілерге де тексерулер жүргізіп, тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Мәселен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, «Instagram» парақшаларының бірінде жол жиегінде маймылдың электр бағанасының (столба) үстіне шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады»,-делінген жазбада. Бұл бейнежазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден істің мән-жайын анықтауға кіріскен. Оқиғаның Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде болғаны анықталды. Маймылдың иесі Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, ол аталмыш жануарды тасымалдап бара жатқанда, ол абайсызда тордан шығып кетіп, жақын маңдағы электр бағанына мініп алған. Ал оны бағаннан түсіру үшін иесі пневматикалық қарумен бірнеше рет ауаға оқ атқан. Содан соң маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен.

«Макака» тұқымды маймылды жергілікті тұрғын Өзбекстан Республикасынан сатып алған, одан кейін Сарыағаш ауданында қайта сату үшін алып кетіп бара жатқаны анықталды. Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ қызметкерлері маймылдың иесінің жасаған іс-әрекеті бойынша жағдайды зерделеп, тиісті құжаттарын тексеріп, әкімшілік жауапкершілігін қарау үстінде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары