Атырауда 24 млн теңгеге бағаланған есірткіні сатпақшы болған діни ағым өкілдері құрықталды.
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Атырау облысының полиция қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 22-23 жастағы екі азаматты ұстады.
Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іздеу кезінде зип пакеттерге оралған 46 түйіншек тапқан.
Сондай-ақ, олардың жалға алған пәтерлерінде екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі анықталған.
Екі күдікті 2 400 бір реттік дозасы 24 млн-ға бағаланған есірткіні айналымға жібермекші болған. Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Күдіктілер тергеу изоляторына қамауға алынды.