98 жастағы Александра Капустина ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті деп хабарлайды Отырар арнасы. Төлебиде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері ұлымен кездесетін сәтті тағатсыздана күтіп жүргенін жеткізді. Өйткені пандемияға байланысты туыстары Ресейден келе алмай жатыр екен.
Бірақ телефонмен күн сайын сөйлесіп тұрамын, дейді кейуана.
Александра Капустина жақында коронавирус жұқтырып, қауіпті дерттен жазылғанын атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі уақытта өзін сергек сезінеді. "Мен кейбір дүниелерге жайбарақат қараймын. Бәрі келеді, кетеді. Ешқашан ешкімге менің жағдайым нашар, не болмаса маған бірдеңе керек деп шағымданған емеспін. Мен бәрін өзім істейтінмін. Пологи станциясында бізді бомбалады. Мен 1,5 ай ем қабылдап жаттым. Содан кейін мені үйге жіберді, Шымкентке келдім. Мен солай 1941 жылдың басын көрдім, содан бері осында ата-анаммен бірге тұрдым", - дейді ардагер.
Кейуана өзінің жастық шағы туралы күлімдеп еске алады. Оның жолдасы да соғысты көрген майдангер еді . Ерлі-зайыптылар қырық жыл бірге бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешкен.
"Мен 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Менің жолдасым да майдангер болды. 40 жыл бірге тұрдық. Менің балам бар, ол қазір 73-те. Ресейде Томскте тұрады. 2 немерем бар", - дейді Александра Капустина.
Сөзін қорытындылай келе әжей ойға алған дүниеңді жасау ешқашан кеш емес, бастысы, бастаған ісіңді соңына дейін жеткізу керек деп кеңес берді.