18.06.2021, 20:39

Солтүстік Қазақстанда 70 жастағы зейнеткер жоғалып кетті

Фото: 7152.kz
Оны құтқарушылар мен полицейлер, туған-туысқандары мен ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлар іздестіріп жатыр.

Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында тұратын 1952 жылы туған зейнеткерді ауылдастары соңғы рет Есіл өзенінің жағалауында көріпті деп хабарлайды aikyn.kz.

Оны құтқарушылар мен полицейлер, туған-туысқандары мен ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлар іздестіріп жатыр.  Сүңгуірлер су түбін кезуде. Саз бен лай су олардың жұмысына кедергі келтіруде.  Бұл жұмыстарға 4 техника мен 1 қайық жұмылдырылған.