02.07.2021, 15:00

3-қабаттан секіріп, суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды

Оның мұндай әрекетке баруына сүйіктісімен жанжалдасып қалуы себеп болған.

Қостанайда ер адам 3 қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсауға тырысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы жылдың 1 шілдесінде жедел құтқару бөлімшесінің (ЖҚБ) құтқарушылары авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізді.

Сағат 13: 23-те «112» байланыс пунктіне куәгерлерден оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Юбилейный шағын ауданында көп қабатты үйде 1987 жылы туған ер адам өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасауға тырысты», - делінген хабарламада.

Жігіттің мұндай әрекетке бару себебі - қызымен жанжал болған. Ер адам оның барлық заттарын балконнан лақтырып жіберіп, содан кейін өзі секіруге шешім қабылдаған. Сағат 14: 33-те ТЖД қызметкерлері жеке құрамның 4 адамы мен 1 бірлік техникамен оқиға орнына келіп, құтқару полотносын тартып, көп ұзамай жігіт құлап, аяғын жарақаттады.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.