07.07.2021, 12:00

Астана күніне орай Алматыда бірнеше балабақша ашылды

Фото: ашық дереккөзден
Қалада балабақшадағы орын тапшылығын төмендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Елорда күніне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында №186 мен №187 жалпы білім беретін мектептердің аумағында әрқайсысы 120 орынды екі жаңа балабақша ашылды.Бұл туралы қалалық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша балабақшадағы орын тапшылығын төмендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елорда күні қарсаңында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы Ақжар ықшамауданында мемлекеттік тілде оқытатын №194 балабақшаның ашылу салтанаты өтті.

«Балабақшаның жобалық қуаты 120 баланы құрайды. Сондай-ақ 40 жаңа жұмыс орны құрылды. Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында да 40 жаңа жұмыс орны ашылып, 120 балаға есептелген №193 жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Бұдан бөлек, Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында №186 мен №187 жалпы білім беретін мектептердің аумағында әрқайсысы 120 орынды екі жаңа балабақша ашылды», - делінген Алматы қаласы Білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.