Қазақстанда енді қарақұмық қымбаттамақ. Өндірушілердің сөзіне сенсек, күзде дақылдың бағасы 700 теңге дейін көтерілуі мүмкін. Егер алқаптан өнім аз түзсе, баға қымбаттайды, дейді олар. Ал биылғы аптап ыстық пен құрғақшылық диқаншылардың жағдайын одан әрі қиындатып жіберген. Бұған қоса, шикізат, жанармай мен тыңайтқыштардың қымбаттауы тағы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өндірушілер биыл қордың аздығын алға тартады.
"Қарақұмықтың бағасына соңғы екі-үш жылғы егіннің аз болуы, жыл сайынғы қордың жетіспеушілігі, экспорттау саясатының күшейтілуі әсер етеді. Яғни, өнімнің көп бөлігі сыртқа кетеді. Күзде дақылдың бағасы 270 теңге болған, кейін 425 теңгеге бір-ақ көтерілді. Аз уақыттың ішінде қарақұмық 80%-ға қымбаттап кетті", - дейді қарақұмық өндіруші кәсіпорын директоры Дмитрий Тюменев.
Сонымен қатар, ол ауа райының қолайсыздығы елдегі қарақұмық тапшылығын тудыруы мүмкін дейді. "Егін болмаса, дақылдың жетіспеушіліг орын алады. Сәйкесінше, баға да өседі. Қазір қарақұмықтың көтерме саудадағы бағасы 425-430 теңгені құрайды. Ал бөлшек саудадағы баға одан жоғары болады", - деп қосты ол.
Сарапшылардың өнім қымбаттауының алдын алуға үлгермейміз дейді. Өйткені жыл сайын дақылды өсіруге кететін шығын артып, егін барған сайын азаюда. Сондықтан күзде қарақұмықтың бағасы шарықтап кетпек.
"Қарақұмық жармасының бағасы 700-800 теңгеге жетуі ғажап емес. Бірақ бұл көптеген факторларға байланысты болады. Биыл өте құрғақ жыл болды. Барлығы егіннің мөлшеріне байланысты болады. Егер көршілес елдерде қарақұмық дақылдарының жетіспеушілігі орын алса, сәйкесінше біздің бағамыз аспандап кетеді. Барлығы біртіндеп өсуде, логистика да өсуде. Мұның бәрі түптеп келгенде бағаға әсер етеді", - дейді "Шаруалар Жоғары Кеңесі" қауымдастығының тәуелсіз директоры Кирилл Павлов.
Шикізатты жеңілдетілген бағамен сату өнімнің қымбаттауына жол бермейді, дейді мамандар. Осыған орай, фермерлер шикізатты көрші Ресейден әкелуді ұсынады. Бірақ оны өз бетінше тасымалдау кәсіпкерлерге қиынға соғатын көрінеді. Елмізде граттар тек шикізат отандық өндірушілерден сатып алынатын болса ғана тағайындалады. Ал бәсекелестіктің болмауынан олар бағаны қолдан өсіреді екен.