$ 494.87  520.65  4.91

«Бір миллирад теңгенің мектебі құлағалы тұр»: Тұрғындар Баталовты сынға алды

Мектепті «Алматыкультбытстрой» компаниясы салып, 2017 жылы пайдалануға берген.

Жаркентте бір миллирад теңгенің мектебі "құлағалы" тұр.

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының Хамраев атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналары әлемуттік желіге бейнеролик жариялағанын жазады malim.kz ratel.kz сайтына сілтеме жолдап.

Бейнероликте тұрғындар  мектеп қабырғасында жарықшақтар пайда болғаны көрсетілген және балаларының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтады.

Бірақ Панфилов ауданының әкімдігі алаңдайтын ешнәрсе жоқ дейді. Олардың сөзінше, мектептің сыртқы штукатуркасы қалың жасалғандықтан жарықшақтар пайда болған. Косметикалық жөндеу жұмыстарын жасау үшін бюджеттен 15 миллион теңге қарастырылған.

«Бұл мектеп 430 балаға арналған. Сметалық құны бір миллиард теңгеден асады. Кепілдік мерзімі үш жыл болған. Ғимаратты қабылдағанда бұндай олқылықтар болған жоқ. 2019 жылы қабырғаларда жарықшақтар пайда бола бастады. Бақылаушы органдар тексеру жүргізді. Олар штукатурка қалың жасалғанын анықтады. Биыл штукатурка құлай бастады. Кепілдік мерзімі аяқталандықтан бюджеттен 15 миллион теңге бөлу қарастырылған», - делінген аудандық әкімдік таратқан мәлімдемеде.

Панфилов ауданының әкімдігі бес жыл бұрын ғана салынған жаңа мектепке бюджеттен енді 15 миллион теңге жұмсайтындарына тегі алаңдамайтындай. Ал өзін құрылысшымен деп айтқанды ұнататын, әрі облыстағы әр ғимараттың сапасын қатты қадағалаймын деуді жақсы көретін құрылысшы әкім Амандық Баталов "қалың боп кеткен сылаққа" қатысты ештеңе айтқысы келмейтіндей. Жаңа салынған мектепке  бюджеттен 15 миллион теңге бөлуді де оғаш санамайтындай. Әзірге үнсіз. Бір айта кетерлігі, құрылысшы әкім басқаратын Алматы облысында әлі де үш ауысымда білім беріп жатқан мектептер көп. Ал жаңа салынған мектептері осылайша көп ұзамай күрделі жөндеуге сұранып тұр.   

Бір миллиард теңге бюджет қаржысы жұмсалған мектепті «Алматыкультбытстрой» компаниясы салып, 2017 жылы пайдалануға берген. Оны жергілікті билік өкілдері салтанатты түрде лентасын қиған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары