$ 443.85  474.3  4.8

Атырауда екі қабатты дүкен өртеніп кетті

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенген болатын.

Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданында болған. «Құрманғазы ауылында 22 шілдеде сағат 16:40-та екі қабатты дұкеннің өртенгені туралы хабар түсті. Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары