$ 494.87  520.65  4.91

«Бейжай қарайтын жайт емес»: Атырауда шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған болатын.

Атырау облысында шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің Құрманғазы ауданындағы қызметкерлері Сафон ауылдық округінің аумағында 3 гектарға өсірілген есірткі алқабын анықтаған.

«Есірткі алқабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген. Бұл бейжай қарайтын жайт емес. Әсіресе, 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселе айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырынмен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»,- дейді Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары