Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау және оларға сәйкесінше көмек беру мемлекеттің басты парызы. Бұл мәселеге елімізде жыл сайын айрықша басымдық беріліп, түрлі қайырымдылық шаралары мен акциялар өткізіліп жатады.
Осы тақырыптар төңірегінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. Брифингте ең маңызды әлеуметтік мәселелерді көтерілді. Соның ішінде еліміздегі аналар мен балаларға көрсетілетін қолдау тақырыбы ерекше сөз болды.
Спикер өз сөзінің басында балалары бар отбасылардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қамтамасыз ету әрқашан мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болғандығын баса айтты.
«Бүгінгі күні 1,9 миллионға жуық балалы отбасы әлеуметтік көмектер мен төлем алушылары болып табылады. Ана мен балаға әлеуметтік қолдау көп деңгейлі әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады және бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдердің 2 түрін қамтиды. . Биылғы жылы бұл мақсаттарға 756 миллиард теңге қарастырылған, бұл өткен жылғы шығындардан 19% артық (2020 жылы - 635,3 миллиард теңге) », - деді Асқар Ниязов.
Ол сонымен қатар, базалық деңгейде мемлекет республикалық бюджет есебінен баланың туылуына 110 846 теңгеден 183 771 теңгеге дейінгі біржолғы жәрдемақыға кепілдік беретіндігін атап өтті. 2020 жылы 430,7 мың адамға 52,3 млрд.теңге төленді. 2021 жылы жәрдемақының бұл түріне 51,4 миллиард теңге қарастырылған, 6 айда оны 186,8 мың адам 24,6 миллиард теңге алған.
Брифингте көп балалы аналарға берілетін әлеуметтік көмек пен жаңа туылған сәбиге төленетін жәрдемақы мәселесі төңірегінде де сөз болды. Әсіресе, жұмыссыз, бала күтімімен отырған әйелдерге төленетін жәрдемақы мәселесіне басымдық беріліп жатқанын баса айтқан болатын.
Оның айтуынша, жұмыссыз үйде отырған әйелдер үшін ай сайын бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге арналған жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі баланың туылу тәртібіне байланысты екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға мөлшері ұлғайған кезде 16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін төленеді. 2020 жылы 120,9 мың адам жалпы сомасы 31,7 млрд.теңгеге осы жәрдемақыны алды, 2021 жылға 26,2 млрд.теңге қарастырылған, оның 6,8 млрд.теңгесі төленді.