$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туды.

Алматыда қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Алматының ТЖД-нің баспасөз қызметінде 4 тамыз күні сағат 09:39-да өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Немирович-Данченко 21 мекенжайы бойынша Алатау ауданындағы өрт туралы хабарға шықты.

«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туды. Дереу өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Өрт орнында штаб құрылды, шығыс және оңтүстік жақтардан екі әскери учаске жасақталды», - деп мәлімдеді ТЖД.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары