$ 443.85  474.3  4.8

«Шетелден көлік алып келемін»: Танысын алдап соққан алаяқ ұсталды

Күдікті ұсталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғыны шетелден көлік әкеліп беремін деп алдаған алаяқтың құрығына түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

2021 жылдың 3 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында танысы Оңтүстік Корея мемлекетінен автокөлік алып келемін деп 400 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүргендігін көрсеткен.  

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары