Әлеумет 14.08.2021 сағат 12:21

«Көз алдымызда өлді»: Маңғыстауда өлім аузында жатқан жылқылардың суреті тарады

Еріктілер түсірген суреттерде азып-тозған бес жылқыны көруге болады.
«Көз алдымызда өлді»: Маңғыстауда өлім аузында жатқан жылқылардың суреті тарады
Фото: lada.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Клуб добряков Ақтау" еріктілері Маңғыстау облысының Таушық ауылына барып, жануарлардың ауыр жағдайына куә болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Еріктілер түсірген суреттерде азып-тозған бес жылқыны көруге болады. Олардың айтуынша, жануарлар көз алдында өлген.


"Бұл жылқылар Таушық ауылында түсірілген. Бүгін еріктілер тағы бір фермермен танысуға барды. Оның 15 жылқыдан тұратын шағын шаруашылығы бар", - делінген клуб жазбасында. 

Портал мәліметінше, тұрғындар фермерлік шаруашылықтарға қаражат жинап, азық-түлік сатып алумен және жеткізумен айналысып жатыр. 


Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысына азық сатып алуға қосымша 5,3 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын.

Шілдеде еріктілер Түркістан облысында шөп, жоңышқа жинап, оларды вагондармен Маңғыстауға жіберген еді.

Еске салайық, биыл Маңғыстауда құрғақшылық болып жатыр. Шөптің жоқтығынан көп мал қырылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар