$ 443.85  474.3  4.8

«Еркіндігімізді шектейді»:  Жұмыстан босатылған полицей бейне хабарлама түсіріп асылып қалғысы келген

Естеріңізге сала кетейік, Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталған.

Қапшағайдағы Del Mare кафесінің күзетшілерімен төбелеске қатысқан полицейлердің бірі мойнына арқан ілінген күйде бейне хабарлама жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбадағы адам өзін Қапшағай полиция бөлімінің тергеу бөлімінің қызметкері, аға лейтенант Әлішер Темешов деп таныстырады.

Бейнежазбада ол жанжал туралы оқиғаның мән-жайын баяндап, оған сәйкес күзетшілер төбелесті өздері бастады деген деген нұсқасын жеткізеді. Оның пікірінше, бұл күнделікті орын алатын қақтығыс, алайда бұс іске полицейлердің қатысуы қоғам арасында үлкен дау туғызып жіберген. 
Экс-полицей жанжалды оқиғадан кейін өрескел әділетсіздікке тап болғанын атап өтті. Оның айтуынша, барлық оқиғаға қатысушыларды істің байыбына бармай жатып жұмыстан шығарып жіберген.

"Іс бізге – заң қызметкерлеріне қатысты болған кезде неге ешкім бізді қорғамайды? Біріншіден, біз де сіздер секілді қарапайым адамдармыз. Сонда біздің құқығымыз жоқ па? Әлде қалай? Бейнежазба қалай ақпарат беттерінде жарияланғаны сол еді, бізді дереу ішкі істер қызметінен шеттетті. Жапа шегушілерге орташа күйде зақым келгеніне қарамастан бізді уақытша ұстау изоляторына жапқысы келеді. Біз ешкімнің еш жерін сындырған жоқпыз" ,- дейді ол жазбада.

Ол қызметкерлер өздері мойындаған кінәсі үшін халықтан кешірім сұрайды және жапа шегуші тараппен татуласқысы келетінін бірақ, олардың бұл құқығын шектеп жатқанын жеткізеді. Ол өздеріне заң жүзінде жаза тағайындалғанын қалайды.

"Менің құқығым мен еркіндіктерім шектелген, бізді адам құрлы көрмейді. Бұдан былай мен бұл қоғам арасында өмір сүргім келмейді. Ия мен қателік жасадым және мен мұны мойындаймын" ,- дейді ол.

Осыдан кейін ер адам мойнына арқан жіпті іліп, асылып қалуға әрекет жасайды, бірақ бейнежазбаның ар жағынан басқа адамдардың дауыстары естіледі. Және сол адамдар ер адамдың бұл әрекетінің алдын алғаны мүмкін деп хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталған. Тәртіп сақшыларының түнгі оқиғаға қатысы көшедегі бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнежазбамен расталды, ол кейін әлеуметтік желілерде таралды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция