$ 494.87  520.65  4.91

«Шариғатқа қарсы емес»: Дінтанушы вакцина туралы пікір білдірді

Демек, екпе салдыру өте қажет.

Алматы қаласының Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, философия ғылымдарының докторы Гүлнар Жұманова онлайн брифинг барысында вакцина салу жөніндегі исламдық пәтуа туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикер қазіргі теология барлық өзекті мәселелерге, соның ішінде денсаулық сақтау мен вакцина салуға қатысты сұрақтарға жауап беретінін жеткізді. Оның пікірінше, шариғат ережелерінің бірі - қауіптің алдын алу. Сондықтан иммундауды жүргізген жөн, өйткені вакцина салудың зияннан гөрі пайдасы көп. Демек, екпе салдыру өте қажет.

«Мәселен, БАӘ, Түркия, Малайзия сияқты мұсылман елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина улема пәтуасының рұқсатымен жүргізіледі.

Сауд Арабиясы вакцинациямен қамту бойынша әлемдегі ең жоғары елдердің бірі және осы ел үкіметінің өтініші бойынша Меккеге қажылыққа қатысушылардың барлығына COVID-19 вакцинасы міндетті. Ал, біздің елде көп жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасы қолданыста.

Онда «исламда адам өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ, сондықтан әркім өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек делінген», - дейді спикер. Гүлнар Жұманова «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дегенді баса айтты. Сондықтан әр адам дертті емдеу мен оның алдын алу жолдары туралы ойлануы тиіс.

«Шариғат заңы вакцинаға рұқсат етеді. Біздің елде және әлемде эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, иммундау шұғыл түрде қажет. Сондықтан ҚМБД тұрғындарды денсаулықтары мен өмірлерін сақтап қалу үшін вакциналануға шақырады. Алланың қалауы – адамдардың денінің сау болуы, ал басты әрекет – екпе салдыру. Сонда ғана өзіміз де, еліміз де қауіпсіз болады», - деді Гүлнар Жұманова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шариғат