$ 495.2  522.34  4.94

Елордада жыл басынан қанша адам жұмыспен қамтылды?

Одан бөлек, елімізде тұрғындарды жұмыспен қамтуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.
фото: aigak.kz
фото: aigak.kz

Жұмыссыздықпен күрес, ел тұрғындарын қызметпен қамтамасыз ету немесе оларға кәсіптік білім беруге үндеу әрқашан кезек күттірмейтін мәселе. Ол процесстердің барлығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, Жұмыспен қамтудың жол картасы негізінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады. 

Он мыңға жуық азамат  жұмыспен қамтылды

2021 жылдың басынан бері елорда әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 15 350 елордалық тұрғынмен байланысып, олардың мәселелерін шешуге атсалысты. Соның нәтижесінде барлығы 9 189 адам жұмысқа орналастырылды. Нақтырақ тоқталып өтсек, оның ішінде электронды еңбек биржасы арқылы - 2978 адам, ал 5347 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Одан бөлек, елімізде тұрғындарды жұмыспен қамтуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді. Олардың да жұмыссыз жүрген жандар үшін пайдасы зор. Мысалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық жұмыстарға 2620 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 179, жастар практикасына 789 адам жіберілген.

Ал жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 254 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, биыл Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік бағдарламасы аясында 500-ден астам жұмыс орны ашылды. Сол бойынша бүгінгі күнге дейін 503 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 291 тұрақты жұмыс орны бар екенін ескере кетпесе болмайды.

Пробация қызметіндегі және мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылды

Халықты жұмыспен қамту орталығы кез келген санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Пробация қызметтерінде және мүгедектерде есепте тұрған әр түрлі жастағы жұмыссыз азаматтар мұнда күн сайын жүгінеді.
Мәселен, жыл басынан бері пробация қызметінде 47 адам есепте тұрса, 574 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналастырылды.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстар туралы ақпарат беріп, оқып алуға кеңес береді.
Биыл Орталық арқылы кәсіптік оқыту курстарына 213 адам қатысқан. Оқу курстары аспазшы, кондитер-аспазшы, тігінші, шаштараз, кассир-контролер, наубайшы, тәрбиеші-көмекші мамандықтары бойынша ұйымдастырылды.

Бизнес-идеяларға қанша грант бөлінді?

2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін Нұр-Сұлтан қаласында 414 жобаға гранттар бөлінді. Әзірге 401 грант қаржыландырылды. Грант алушылардың арасында халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері бар. Олардың арасында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылары, 29 жасқа дейінгі жастар бар.
Айта кетейік, 2020 жылы жұмыспен қамтудың жол картасына сәйкес елордада 15253 жаңа жұмыс орнын құрумен қатар 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары