$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер балалардың қайтыс болғанын жасырған: Атыраудағы 3 баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Балалардың тірі екеніне сендік. Содан соң сары лентаны көріп, полицейлерге жақындап барып сұрадық.

Махамбет ауданы Ортақшыл ауылының тұрғындары өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерінің ауылдағы аулалардың бірінде пішен өртенгенде үш баланың өлгенін біраз уақыт жасырды дейді. Ал бұл кезде жоғалған Рахман, Ислам және Нұрбақыт есімді бірінші сынып оқушыларын белсенді іздестіру жүріп жатқан, деп жазады Ақжайық басылымы. 

Ең сорақысы - балалардың дәл шөп жанып жатқан жерде екенін ешкім білмеді. Өрт кезінде ауыл тұрғындары балаларды шарқ ұра іздеді. Олар Жайыққа батып кеткен шығар немесе өздері қалаға кетіп қалған болар деген түрлі болжамдар айтылды.

- Мұның бәрі қалай болғанын нақты білмейміз. Немерем кешкі беске дейін үйде болды, содан кейін екі досы келіп, бірге ойнауға жіберуін сұрады. Жібергім келмеген, бірақ ол бір сағаттан кейін келемін деп қатты өтінді, - дейді қаза болған балалардың бірінің әжесі Алтын ӘБЕНОВА.

Өрт сөндірушілер өртті екі сағаттан кейін сөндірді, содан кейін өртенген балалардың сүйектері табылды. Бірақ бұл туралы іздеушілерге бірден хабарламаған.

- Біз балаларды бәріміз іздедік, бірақ олардың мәйіті табылғанын бізге айтқан жоқ. Біраз уақыттан кейін ғана бәрін жинап, хабарлады. Ал біз бостан босқа іздеп жүрміз. Тіпті ата-аналары да білмеді, - дейді ауыл тұрғыны Ардақ ЕСБОСЫНОВ.

Ауыл тұрғындары балаларды Жайықта, жағалаудағы бұталардан іздеген, содан кейін ауылдағы аулалардың бірінде қылмыс немесе оқиға болғанын білдіретін сары лентамен қоршалғанын білген.

- Балалардың тірі екеніне сендік. Содан соң сары лентаны көріп, полицейлерге жақындап барып сұрадық. Әйтпесе, іздей берер едік, - дейді Ортақшыл тұрғындары ашуланып.

Атырау облысы Полиция департаменті «AЖ»-ға хабарлағандай, қараңғы түсіп кеткендіктен ауыл тұрғындарына хабарлауға мүмкіндік болмаған.

- Оқиға орнында мамандар мен тергеу-жедел тобы жұмыс жасады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді ПД. Атырауда өртенген балалардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде, бірақ бұл рәсімділік қана. Ата-аналар сараптамаға қан тапсырды, енді жерлеу үшін мәйіттердің берілуін күтіп отыр. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары