16.11.2021, 10:40

«Күйеуіңіздің қойнында жатыңыздар. Ол жерде береке бар»: Құралай ханым әйелдерге ерекше үндеу жасады

Фото: ашық дереккөзі
Себебі ерлі-зайыпты бір-бірімен құшақтасу арқылы емделеді. Күйеуңіздің қасына жақындау арқылы Алла тағала екеуіңізді энергия жіппен орайды...

Психолог Құралай ханым ерлі-зайыптылар арасындағы энергетика құшақтасу арқылы көбейетінін айтты.

Бұл туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Психологтың айтуы бойынша, ерлі-зайыпты арасындағы құшақтасудың, бір-бірімен қол ұстасудың энергиясы өте көп. Себебі ерлі-зайыпты бір-бірімен құшақтасу арқылы емделеді. Күйеуңіздің қасына жақындау арқылы Алла тағала екеуіңізді энергия жіппен орайды.

«Кішкентай қызым папасы екеуіміз ұрысып қалып, теріс қарап ұйықтап қалсақ күлетін : «Сіздер Х болып ұйықтап жатырсыздар ғой. Неге Х әріпі болып ұйықтап жатырсыздар» деп. Х әрпі сияқты ұйықтасаңыздар,  ортаға шайтан жатып алады екен» - деп маман өз отбасында болған жағдайымен бөлісті.

«Орыстың сөзі бар ғой «ругайтесь, деритесь, но вместе ложитесь». Сондықтан кешке қарай жатқан кезде ортада шайтан жатып қалмасын. Ол деген араңызға бүкіл қарызды, негативті, ауруды, ақша берекесін алып кетеді.  Шайтанның ісі отбасының экономикасына тиімсіз. Қалтаңызға жаман әсер ету мүмкін. Ауруды, денсаулықты қойып қойғанда, ең бірінші сіздің қалтаңыздың күйреуіне айналады. Күйеуіңіздің қойнында жатыңыздар.  Күйеудің қойынында бақыт, махаббат бар. Күйеуңізді көргіңіз келмесеңіз де, тәкаппарлықты қойып, түнде жаурап, ұйқы сұрағандай күйеуіңізді құшақтаңыз. Сіздер құшақтасқан кезде Алла әдемі энергетикалық жібімен сіздерді орап, періштелер қол шапалақтайды»- деп хабарлады Құралай ханым.