$ 494.87  520.65  4.91

«Ескірмеген махаббат!» Кемпірін сағынған ата еңкілдеп жылап қалды (ВИДЕО)

Мауқын баса алмай, қайта-қайта кемпірінің бетінен сүйген оны кейуана жұбатуға тырысуда.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде пайда болған қарт кісілердің видеосы қызу талқыланып жатыр. Онда кемпірін ұзақ уақыт көрмеген ата сағыныштан әйелін құшақтап, жылап қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бір-бірін қатты сағынып қалған қарт кісілердің жылап қауышқаны Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда жасы келген қарт кісі әйелін құшақтап еңкілдеп жылап жатыр. Мауқын баса алмай, қайта-қайта кемпірінің бетінен сүйген оны кейуана жұбатуға тырысуда.

Жастары келсе де бір-бірін өлердей жақсы көретін ата-әженің әрекетіне желі қолданушылары сүйсініп, түрлі пікір қалдырған. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірлгені әзірге белгісіз.

"Отыз ұлың болғанша, осырақ жарың аман болсын" деген осы", "Ескірмеген махаббат! Ата-әжеміз ұзақ жасасын", "Осы кісілердің жасын берсін! Не деген сезім!" "Шынайы махаббатың куәсі болдық, - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары