Әлеумет 19.11.2021 сағат 15:40

«Әйелімді ернінен сүйіп ұшықтады»: Діни басқарма молданың ерсі іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Діни басқарма маманы мемлекет қарамағындағы кесенелерде қызмет ететін шырақшыларды діни сауаттандыру қажеттігі жайлы бірнеше рет мәселе көтергенін жеткізді.
«Әйелімді ернінен сүйіп ұшықтады»: Діни басқарма молданың ерсі іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еліміздің үлкен кесенелерінің бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнеролик авторы кесенеде жұмыс істейтін ер адамды "әйелімнің ернінен сүйіп ұшықтады" деп айыптап, одан жауап алуға келген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталмыш оқиға кейіпкерлеріне қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Діни басқарманың ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы желіде тарап жатқан бейнематериалдағы азаматтың мешітке қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Бізге жеткен мәлімет бойынша бейнематериалдағы азамат еліміздегі үлкен кесенелердің бірінде қызмет ететін шырақшы. Бейнематериалдағы азаматтың мешітке қатысы жоқ екенін мәлімдеймін. Тақия мен шапан кигеннің бәрі молда немесе имам емес. Сондықтан шырақшыны мешіт молдасымен шатастырмау керек. Ақпараттың анық-қанығына көз жеткізген абзал", - дейді мүфтияттың ресми өкілі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдар форумында "Зират және зиярат мәдениеті" құжатын қабылдаған. Құжатты қабылдаудағы мақсат - қоғамға зиярат етудің шариғатқа сай әдебін насихаттау.

Діни басқарма маманы мемлекет қарамағындағы кесенелерде қызмет ететін шырақшыларды діни сауаттандыру қажеттігі жайлы бірнеше рет мәселе көтергенін жеткізді. "Діни басқарма шырақшыларды діни курстан өткізуге дайын", - дейді ҚМДБ ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар