Қазақтар сыбайлас жемқорлыққа келгенде алдына жан салмайды.
Мұның не деп тосқауыл қоя бастасаң, ағайындықты, жегжаттықты, түлкі бұлаңды алға салады да, "ұят болады, бет көрісеміз ғой, жүз көрісеміз ғой"-ды алға тартып, өзінің жемқорлығын ақтап шығады. Өзіңді елге бәлеқор, жалақор етіп таныстыруды суда жүзген сазандай болып атқарады.
Қазақтың бәрі бірдей.
Назарбаевты отыра қалып жамандайды. Қазақ сау болса, Назарбаев отырмас еді ғой. Назарбаев бүкіл министр, депутат, әкімімен қоса кетсе де қазақ өзгермейді. Қазіргі қазақтың миы да, мінезі де сау емес. Себебі, қазақтың әрбір басқан қадамы мен ағайын, жегжаттығы тұнып тұрған жемқорлық. Әлі көздерің жетер емес. Қазақ өзінің кез келген жемқорлығын ақтап шығады. Мұны айтсаң сенен жаман, сенен өткен ит адам болмайды, деп ағынан жарылды ол.
Бекболат Қаржанның Facebook парақшасынан.