$ 494.87  520.65  4.91

«Көзіме шөп салды». Күйеу баласы қайын әпкесін өлімші етіп сабады

Қайғылы оқиғаның дәлелі ретінде екі әпкелі-сіңілінің анасы Қаламқас Жанбаева қанға боялған көрпе мен үйдің ішіндегі қабырғаны көрсетті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында күйеу баласы қайын әпкесін таяқтың астына алған.

Көреміз бағдарламасына келген Рыскүл Жанбаева полиция арқылы әділдікке жете алмай, әлеуметтік желіде көмек сұраған.

Рыскүлге түн ортасында сіңілісінің бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі келіп, оны өлімші етіп сабаған.

Қайғылы оқиға орын алған күні үйінде 1-топтағы мүгедек әкесі, сіңілісінің 10 жасар қызы және сіңілісі болған. Ашулы еркек есікті пышақпен бұзып кіріп, үйдің терезелерін шағып тастаған.

Үйге кірген бойда Тәжімбет Серікұлы қайын әпкесі Рыскүлге шабуыл жасаған. Рыскүлдің айтуынша, ол оны шашынан сүйреп, сіңілісі шыққанша тепкілеген. Салдарынан Рыскүл жабық ми жарақатын алған.

Қайғылы оқиғаның дәлелі ретінде екі әпкелі-сіңілінің анасы Қаламқас Жанбаева қанға боялған көрпе мен үйдің ішіндегі қабырғаны көрсетті.

Қаламқастың айтуынша, ол қызы Райкүлдің Тәжімбетпен азаматтық некеде екенін білген.

Бірақ жігіттің өзімен ешқашан бетпе-бет таныс болмаған.

Тәжімбет бағдарламада өзінің істегендерін мойындап отыр. Ол оны «әйелім көзіме шөп салды» деп түсіндірді. Алайда қолында дәлелі болмады.

Белгілі болғандай ер жігіт бұған дейін бірнеше рет істі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары