$ 494.87  520.65  4.91

Бүлдіршінді оқтаумен ұрған балабақша қызметкері ВИДЕОға түсіп қалды

Бейнежазбадан балабақша тәрбиешісінің кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тәрбиеші балалардың құлағын тартып, тіпті біреуінің ернін жыртып жіберген бейнежазба таралды. Қызу талқыланып жатқан бейнежазбадан балабақша тәрбиешісінің кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін көруге болады.

Бейнежазба авторы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Instagram-дағы ресми парақшасын белгілеген.

– Ерні жыртылған, денесінде қатты соққыдан алған іздер бар. Құлағын жұлып, шашынан сүйреп жүр. Мынау расымен балабақша ма? Асхат Аймағамбетов, сіз министр болғалы мұндай жағдай жиі қайталанып жүр. Тәрбиешінің бұл әрекеті қылмыс қана емес, адамдар соның кесірінен басқа да тәрбиешілер мен балабақшаларға сенуден қалады, — деп жазды видео авторы.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары