Қазақстандықтарды желтоқсан айында үш бірдей мерекенің күтіп тұрғаны белгілі. Алдымен 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президентінің күні, 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні және 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні - Жаңа жыл мерекесі.
ҚР Тұңғыш Президентінің күнініе орай ел тұрғындары бір күн демалса, Тәуелсіздік күнінде 4 тәулік қатарынан демалады. Өйткені, 17 желтоқсан сенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс дүйсенбіге ауыстырылмақ.
Ал 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сәйкесінше ол күн демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады. 1-2 қаңтар - мереке күндері, сондай-ақ, 3 қаңтар да демалыс болып есептеледі. Себебі 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан да ол күн 3 қаңтарға, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.