23.03.2022, 14:40

Нұр-Сұлтанда қолайсыз ауа-райы салдарынан автобустар тоқтады

IKomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 308, 309, 312, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Ауа райының нашарлауына байланысты астана маңына қатынайтын кей автобустар жүрмей қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

IKomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 308, 309, 312, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған. Басқа маршруттар линияда жүр. Айта кетейік, кеше күндіз қала маңына жолаушы тасымалдайтын № 315, 316 автобустары да жүрмей қалған болатын.

Сондай-ақ, кешеден бері елорда мен Ақмола облысында боран соғып тұр. Осыған байланысты бүгін 12.30-дан бастап астанадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды.