Әлеумет 27.04.2022 сағат 05:38

«Алтын белгіге» қойылатын талап күшейтілетін болды

Елімізде 2021/2022 оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер 7,5 мыңнан аса түлек бар.
«Алтын белгіге» қойылатын талап күшейтілетін болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Енді «Алтын белгіге» үміткер түлектер Назарбаев зияткерлік мектебінде математикадан емтихан тапсыруы керек. Білім және ғылым министрлігіндегілер сұрақтар мен пәннің еш өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. 

«Бұл жаңа пән емес. Бұған дейін түлектер бес емтихан тапсыратын. Сондықтан жаңа пән, жаңа сұрақтар емес. Үміткер Назарбаев зияткерлік мектебінде емтихан тапсыруы керек. Мұнда оның жетістіктеріне сырттай баға беріледі», - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.

Оның сөзінше, оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіндегі емтиханнан бас тарта алады. Мұндай жағдайда оқушы өз мектебінде емтихан тапсырады, алайда оған «Алтын белгінің» орнына үздік аттестат табысталады.

Министрлік мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2021/2022 оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер 7,5 мыңнан аса түлек бар.

Stan.kz 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар