$ 499.51  525.83  4.62

«ОҢТҮСТІК» АИО» қолдауымен 36 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

2009 жылы ашылған «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауымен бүгінге дейін 14 мыңға жуық жоба жүзеге асты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бұл үлкен жетістік болып отыр.

Қаржы институты оларға 42 миллиард теңгенің несиесін берген. Қазір мұнда 36 мыңнан аса жұмыс орны бар. Бұл мәліметтерді орталық басшылығы арнайы бриффингте жария етті. Басында «Максимум» деп аталған орталық атауын өзгертіп, «Оңтүстік» деп аталды. Мекеме өңірімізде өз ісін ашамын деушілерге таптырмас мүмкіндік беруде. Ұйымның өзі ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы және облыс әкімдігі есебінен қаржыландырылады. Берілетін несиенің пайызы жылына 9 пайыздан аспайды. Оңтүстік» инвестиция орталығынан қаржы алу бойынша биыл Ордабасы ауданы көш бастады. Мұндағылар 126 жаңа жобаны жүзеге асырған. Ал, көш соңында Арыс қаласы келеді. Бүгінгі таңда аталмыш ұйымның несие қоржыны 2012 жылмен салыстырғанда, 2,2 есеге өскен. Атап өтер жайт, мұндай орталық республика бойынша тек оңтүстікте ғана бар.

Арман Данаев - «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы:

- 2015 жылы облыс бюджетінен 6 млрд теңге бөлінді. 2016 жылы жалпы сомасы 5 млрд 429 млн теңгеге 1608 жоба қаржыландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары