$ 498.55  524.28  4.75

Хантағының халі түзеліп келеді

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылы ажарланып келеді. Мұндағы барлық мемлекеттік мекеме күрделі жөндеуден өтіп, ғимараттары жаңартылған болатын. Сондай-ақ, жол мәселесі де оң шешімін тапты. Ендігі қала басшылығы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында халық демалатын аллея құрылысын қолға алды.

Хантағыда 6500-ге тарта халық бар. Басым   көпшілігі  ауыл  шаруашылығымен айналысса, енді біразы түрлі салада қызмет атқарады. Ауылдағы екі мектеп, бір ауыл клубы, бір балабақша мен амбулаториялық емхана ел игілігіне жарап тұр. Ғимараттары мен  жолы жөнделген ауылдың орталығынан "ДАҢҚ" аллеясы бой көтеріп келеді. Нысанның  жалпы аумағы - 1100 шаршы метр. Гүлзардың төрінде "Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды" деген монумент салынды. Оған бүгінгі бейбіт өмір мен алаңсыз тіршілікті сыйға тартқан  Соғыс ардагерлерінің есімдері жазылады.Ауылдың бойына қайта қан жүгіртіп, көркіне көрік қосқан нысандар бұл ғана емес. Елбасының салауатты өмір салтын ұстану бағдарламасы аясында кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Оны салудағы мақсат -жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, халықты бұқаралық спортқа баулу.Тәуелсіз елдің түтіні түзу ұшқанда ғана ел мерейін үстем етер игі істер көп болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары