$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаевтың сынынан кейін Брекешев киік санын реттеудің басқа тәсілін іздеуге көшті

Қасым-Жомарт Тоқаев киіктерді атуға рұқсат бергені үшін Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.

 Мемлекет басшысының биылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Экология министрінің төрағалығымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес жиыны өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты.

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады.

Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталмыш жұмыс басталып кетті және Министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен,  жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, жиында Серікқали Брекешев Ауыл шаруашылығы министрлігіне жабайы аңдармен келтірілген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселелерін қарау қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киіктерді атуға рұқсат бергені үшін Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары