Шымкентте жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Шымкентте жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

28.11.2016, 17:43

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай атқарылып жатқан игі істер халықтың ризашылығын тудыруда. Жергілікті билік өкілдері тек концерттік және көңіл көтеру шараларымен шектеліп қоймай, мерейлі мереке қарсаңында қайырымдылықпен, әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып келеді. Солардың бірі кеше Абай саябағындағы көркемсурет галереясында өтті.

«Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Шымкентте жиі өтіп отырады. Бұл жолғы іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың өзі келіп қатысып, тіпті, жұмыс іздеп жүрген жастарға ақыл-кеңесін де айтты.

Жалпы, жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 248 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2224 бос жұмыс орындары ұсынылды. Шара аясында 732 азамат түрлі бос жұмыс орындарына жолдама алып, оның ішінде 7 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр.

Айта кетерлігі, қалалық жұмыспен қамту органдары жылдық жоспарға сәйкес 4443 тұрақты жұмыс орнына әлеуметтік жұмыс саласы бойынша 1160 азаматты, жастар практикасымен 2070 жас түлекті жұмыспен қамту көзделуде.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші