Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Қазақ неге өлерінің алдында ғана емделуге барады?

Біз, қазақ, өз денсаулығымызға өзге халықтарға қарағанда селқос қарайтынымыз жасырын емес. Тіпті, ауылдардардағы апаларымызға «сырқатыңыз анық білінді, емделіп қайтыңыз» десең, «Мен кетсем, балалардың күні не болады? Күйеуім де бір бала емес пе?!», - деп сізді шығарып салады.   Ел арасында қалжыңға ұқсас мақал да бар: «Еврей ауырудан бір ай бұрын, орыс ауырған күні, қазақ өлер алдында ғана емделуге барады» деген. Бұл біздің жаман қасиетіміз ретінде айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен, оның түбіне үңілсеңіз, осы қасиетіміз біздің ұлт ретінде сақталып қалуымызға септігін тигізген қанымызға сіңірілген қасиет  екенін аңғарамыз.

Көктем және әйел

Көктем мен әйел екеуі егіз ұғым. Көктем туса, әйел, шіркін, жасанады. Көктем алғашқы бүршігін жарып құлпырады, әйел түлеп, жасарады. Көктем келсе болды нәзікжандыларға деген ерекші бір ілтипат сезіле бастайды. Оны көктем қанатына байлай әкеледі. Өйткені,  көктемде әйел атаулының атын асқақтататын жалғыз мереке бар. Сол мереке қарсаңында ерлер қауымы бусанған табиғатпен қатар оянып, тірлікке кіріседі. Барын, бағын, бақытын баптау керектігін еске түсіреді. Олардың бар екенін, керек екенін сездіреді. Өздері де соны шын сезетін күн осы көктемгі мереке болса керек.

Дінді дұрыс ұстау – әркімге міндет

Он сегіз мың әлемді жоқтан бар еткен Жаратушы Алла тағала адам баласының туылған әрбір перзентін, әрқайсысын таза, пәкиза, кіршіксіз мүмін етіп жаратқан. Кейінірек оларды ата-анасы мен қоғам өздерінің наным-сенімі, салт санасына сай, белгілі бір сеніммен тәрбиелейді.

Қыз алып қашу: дәстүр ме, қылмыс па?

Гу-гу. Былтырғы жылы белгілі телеарналар алып қашып келген қыздың қарсыласқан видеосын тынымсыз көрсетіп, біздің «жабайылығымызды» бір көрсетіп, ашық болмаса да, тігісін жатқызып, айызы қанғанша сыбап-сыбап алды.

«Мені» мен «менікінің» мәнін ажыратайық

«Адам көлеңкесінен қашып құтыла алмайды», ̶ деген сөзді айтқан адам қанша данышпан болса да, адам баласы жақсылық пен жалғас жүретін жамандығымен күресуіне ерік берілген. Хәкім Абай оған: «Адам мінезін түзеп болмайды деген адамның тілін кесер едім»,  ̶  деп емеурін танытады. Бірақ, бізге кемеңгер Абайдың емеуріні түсініксіз.

Шынымызды айтамыз деп сырымызды сыртқа шашпайық

АҢҒАЛ ХАЛЫҚ. Бізге сырттан болсын, іштен болсын қазақ емес біреу он-он бес қазақша оралымдарды жаттап, өнерің ғажап екен, тамағың дәмді екен, қыздарың сұлу екен, өзің қонақжай екенсің,  керемет халық екенсіңдер деп көпшікті қойып, арқамыздан қақса болды, ақтарыла жөнелеміз. Туғаныңа көрсетпеген құрметті, соған көрсетуге бармыз.  Ай, шабыламыз-ай келіп...

А. В. Затаевич кім: қазақтың аяулысы ма, әлде тыңшы ма?

ӨМІРДЕРЕК. Александр Викторович Затаевич  десе, қазақтың музыкалық бай мұрасы, оның осы мұраны жинаудағы өлшеусіз еңбегі еске түсетіні аян. Бұл кісі кім еді, қазақ даласына қалай келді? А.Затаевич (1869, Болхов, Орлов губерниясы − 1936, Мәскеу) 1886 жылы Орлов кадет корпусын тәмәмдаған соң, Полоцкіге қызметке жіберілді, 1904-1915 жылдар аралығында Варшавада қызметін атқарды. Байқап отырсаңыз, әскери қызметінің дені Польшамен байланысты. 1919 жылы қазақ өнерімен таныс болды, 1920 жылдан бастап сол кездегі Қазақ елінің астанасы Орынбар қаласында тұрды. Ұлт ұстазы Ахаңның өзі оған жеті ән жаздырды. Оған осы еңбектері үшін 1923 жылы бар-жоғы үш жылда ҚазКСР-інің еңбек сіңірген әртісі атағы да беріліп үлгірді. 1936 жылы Мәскеуде қайтыс болды.

ТЫҢШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ. Бәріміз білетін тыңшы бар, ол мемлекеттік құпияны жинаушы, сыртқа беруші сырт елдің адамы, егер өз азаматымыз дәл солай жасаса, ол отанға опасыздық болып бағаланады. Бірақ бұл тыңшылықтың жұртқа белгілі нысаны ғана. Тыңшылықтың екінші бір нысаны бар. Тыңшылық хақында Қылмыстық кодекс былай дейді: «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау (бұл - біріншісі), сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау (бұл − екіншісі), егер бұл іс-әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса (176-бап. Тыңшылық). Мұны түсіну үшін орыстанған башқұрт Тевкелевтің қазақтың жақсы-жаман қасиеттерін патшалық Ресейдің мүддесіне пайдаланып кету керек деп қатын патшаға жазған хатын еске түсірсек те болады. Біз Тевкелевтің жинаған мәліметінің кесірінен ғасырлар бойы зардап шегіп келеміз, ал оның ішінде ешқандай да мемлекеттік құпия жоқ болатын. 

АРГУМЕНТТЕР. А.Затаевичті қазақ музыкасының жанашыры дегеннен гөрі тыңшы деген уәжге жетелейтін аргуметтер көбірек. Атап айтқанда:

1-аргумент. Затевич әскери оқу орнын бітірген адам, музыкант емес, әуенге көңілі ауған музыка зерттеушісі емес. Тәжірибе жинақтаған соң 1915 жылға дейін Ресейдің бақас бауырласы Польшада қызмет атқарды. Патшалық Ресейдің  батысынан асып, Еуропада жүрген әскери қызметші қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмаса да, қазақ даласында не жоғалтты? Бұл оқиға Омбыдағы кадет корпусын бітіріп, Қашғарға Ресейдің мүддесі үшін тыңшылыққа барған Шоқан атамыздың оқиғасын еске салады.

2-аргумент. Сафуан Шәймерденов ағамыздың «Ағалардың алақаны» атты естелік кітабы бар. Сонда Сафуан ағамыз бір оқиғаны атап өтеді. Бірде Франция жазушыларынан Қазақстанға  делегация келеді. Ағамыздың жеке көлігі болғандықтан, француз әйел жазушыларды алып жүру жүктеледі. Тіл білмегесін, емен-жарқын сөйлесе алмаған соң, жол қысқарту үшін ән айтайық деп шешеді. Кезекті бір жолы француздар қазақтың «Сәулемсің» әнін шырқап тартты дейді ағамыз. Мен: «Бұл қазақтың әні» деп екінші шумағын қазақ тілінде әуелеттім, ал үшінші шумағын олар француз тілінде мен қазақ тілінде қосылып шырқадық дейді (ескерту: бұл кітапты оқығаныма 20 жылдан асып кеткендіктен, нақты беттеріне сілтеме жасай алмаймын, бірақ іздесеңіз, онда осындай ақпарат бар).

3-аргумент. Дәл сол кітапта ағамыз «бірде бір музыкант замандасым «тез үйге кел» деп хабарласты, барсам бір музыкалық поэма тыңдап жатыр екен» дейді. «Соның қайырмасы қазақтың айны-қатесіз «Қараторғай» әні» деп таңданады С.Шәймерденов ағамыз. Қаламгер қазақ әнінің бұлайша Еуропа аралап  кетуінің себебі А.Затевичтің бүкіл Еуропада достарының болуымен, олармен хат алмасып тұруымен байланыстырады. Дәу де болса, Затаевичтен келген болар деп топшылайды. Енді ойлаңыз: қазақтың мұрасын оңды-солды үлестіруге оған кім құқық берді?

4-аргумент. Қазіргі музыкатанушылардың ойынша, ол әннің барлық шумақтарын жазбаған, сөздері толық емес, бір қайырып қана жазып отырған. Ал күйлердің төменгі сағасы жоқ. Тек мәйегін ғана алған. Ән мен күйдің толық антологиясын жасауға бел буған адам сөйте ме?

5-аргумент. Патшалық Ресейде әскери білім алып патшаға ант  беріп, қызмет қылған офицерлерді Кеңес үкіметі орнаған соң, Сталин тұрмақ Лениннің өзі аттырып тастағанын білесіздер. Ал шетелде қызмет жасаған біздің батыр дін аман қалған.

6-аргумент. А.С.Пушкин қазақ даласының батысына келіп, қазақ өмірімен танысып, бүгінгі күні Валентиннің кесірінен басы дауға қалған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына қатты қызушылық танытты, бұл  сюжет байынша міндетті түрде поэма жазам деп тамсанды деп мақтанамыз. Бекер қопаңдаймыз. Ол жойылып бара жатқан, ертеңгі күні Американың үндістерімен тағдырлас болатын халықтан не алып қалуға болады, деп келіп тұр.

НЕ ҮШІН? «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп таңдай қаққан Ш.Уәлихановтың досы Г.Потанин де, қазақ даласына өкшесі тиген басқалары да мұнда әлемге ұялмай көрсетуге болатын мол әдеби және музыкалық мұраның бар екенін сөзсіз білді. Әсілі, «жаудан түк тартсаң да пайда» деген қағиданы ұстанған Патшалық Ресейдің де, Кеңестік қызылдардың да қазақтың жойылатындығына күмәні болмаған сияқты. 1902, 1927, 1932, 1937 жылдары, т.б. операцияларының әйтеуір бір қазақтың түбіне жетеріне сенген сыңайлы. Алаштың марғасқаларына «Жапонның тыңшысы» деген айдар тағылып, бытырлап атылып жатқанда Затаевич одан бір жыл бұрын бақилық болған еді. Оның музыка қорын аман сақталып қалуына сіңірген еңбегін жоққа шығармауымыз керек. Затаевичтің кейіннен қазақ халқын құрметтеп, жақсы көріп кетуі ғажап емес, бірақ әу бастағы миссиясы не екенін де біз білуіміз керек. Әзірге топшылау ғана...

Біздікі көрген көз бен естіген құлақта жазық жоқ деп, түйгенімізді айту ғана, қалғаны өз шаруаңыз. Болмаса – өз сөзім өзімдікі.

Алмас Жұмағали,

заң ғылымдарының кандидаты

Мигранттар мүйіздеп барады

«Па, шіркін, Қазақстан өз жұмыссызын жарылқап болып, басқаға жұмыс беруге жарап қапты ғой» дегізіп бұл мәліметтің миыққа мысқыл үйіретіні рас, енді. Орта Азиядағы құдайы көршілеріміз ғана емес, бұдан былай Ресей мен Украина елінің мигранттары да жұмысты Ресейден емес, Қазақстаннан іздейтін болады деген осыдан екі жыл бұрын айтқан сарапшылардың пікірі шынға айналды. Сонда 2015 жылдан бастап Қазақстанға сырттан келетін мигранттар саны жыл сайын 60 мыңға артып отырады дегенде тіксініп қалған едік.

Бұл жағдайдың Ресейдегі валюта курсымен тікелей байланысты болып отырғаны анық. Биылғы жылдың қаңтарынан бастап Ресейдегі еңбек патенті екі жарым есеге қымбаттаған. Патентті алу үшін еңбек мигранты денсаулығы туралы медициналық анықтама қағазын, орыс тілінен, Ресейдің тарихы мен құқық негіздерінен емтихан тапсыру керек болған және осының бәрі орыс жеріне кіргеннен бастап бір айдың ішінде жасалып, осы уақыт ішінде тіркеліп бітуі тиіс. «Қонақ жұмысшыға» қойылатын талап көрші елде осылайша қатаңдана түскенде, жайшылықта қақпасы жабылмайтын Қазақстанның ендігі жайы қалай болмақ?  Осы уақытқа дейін нәпақа іздеп, қара терін сатып, қаражат табуға келген өзбек, тәжік, қырғыз, қарақалпақтар жыл сайын Қазақстанның 0, 5 млрд доллар ақшасын еліне әкетіп отырған. Елден «қашып» жатқан бұл капиталдың мөлшері ендігі жерде әлденеше еселеп артатыны сөзсіз. Ал Ресейден асатын ақша бұдан жеті есеге көп – 7 миллиардқа жуық қаражат сұраусыз, өз аяғымен гастарбайтерлердің  еліне аттанған. Мигранттардың тасқынын бақылауда ұстап отырмыз дегеннің өзінде оларды толықтай қадағалаудың мүмкін еместігіне жылына екі рет жүргізілетін «Мигрант» операциясының өзі-ақ дәлел бола алады. Былтырға дейін 1,5-2 миллионға жуық гастарбайтер Қазақстанның түрлі жұмысына жегілген. Тағы да сол сарапшылардың есебінше, бұл дегеніңіз әрбір бесінші қазақстандықпен пара-пар екен. Енді Ресейдің миграциясын қоса қабылдайтын болсақ, тағы да қанша қаражаттың басқа елдің қазынасына құйылып, бесінші емес, әрбір үшінші тұрғынның гстарбайтер болып шықпасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы көлеңкелі айналымның үлесінде екені екінің біріне аян. Лажы болса, қазақстандық кәсіпкерлердің көпшілігі  тап осы заңсыз жұмыс күшін пайдалану арқылы ісін дөңгелеткісі келеді. Өйткені мигранттар ең лас жерде өте ауыр жұмысты істейді, күй талғамайды, талап қоймайды, бастысы, ең төменгі жалақыға келіседі. Қожайындары болса жұмысшылардың жалақысын айлап емес, жылдап төлемей зар жылатуды, олардың әлеуметтік кепілдіктерінің бәрін мансұқ етуді қалыпты жұмыс дағдысына айналдырып алған. Бұл жерде қазынаны салықпен қамтасыз ету туралы сөз қозғаудың өзі артық. Шағын және орта бизнесті қорғау мақсатында жұмыс берушіге кезекті тексеру туралы бір ай бұрын, онда да прокурордың арнайы рұқсатымен хабарлап қана тексере алады, ал бұл уақыт аралығында тексерушілер  мигрант түгілі ауласынан бейсауыт жүрген мысықты да көре алмай қайтатыны анық. Нәтижесінде қазынаға төленбеген салық түріндегі милиондарды заңсыз мигранттар еліне алып кетеді. Сол себепті 2014  жылдан бастап әр мигрант Қазақстанда болған әрбір айы үшін екі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде салық төлейтін болып міндеттелген еді. Ал жеке адам бес мигранттан артық жұмыс күшін пайдалана алмайтын болып заңмен бекітілген болатын.

Ресей мен Украинадан жаңа миграцияның толқыны келеді екен, бұл жағдайда ақ қар, көк мұз, аптап ыстық демей, құрылыста жүріп кірпіш қалағанды қиын санайтын, одан гөрі «охранник» болуды, ол табылмаса таксист болуды, көлігі жоқ болса, кездейсоқ жұмыстарда екі-үш ай істеп, айлығын бермесе, қолын бір сілтеп кетіп қалып, тұрақтап тіршілік ете алмай жүрген өз жұмыссыздарымыздың жағдайы қалай болады? Бейресми ақпарат бойынша, Қазақстанда 3 миллионға жуық жұмыссыз бар, жұмыссыздар санын кемітіп көрсетуден алдына жан салмайтындар күні кеше ғана әдеттегідей олардың саны 459 мың 200 адам деп таратты. Бұл –Экономика министрлігі Статистика комитетінің таратқан мәліметі. Жалпы, жұмыссыздық статистикасы біздің елде құбылмалы. Бірақ бұл ресми мәлімет ешқашан да жұмыссыздықтың нақты көрсеткіші бола алмайды. Мигранттарды қорғап, қадағалап отыратын заңды қатырып тұрып шығарып қойдық, ал қазақстандық жұмысшымен салыстырғанда екі есе аз айлық төлеп, бес есе артық жұмыс істетіп ұпайын түгендеп отырған жұмыс орындары мынадай мүмкіндік тұрғанда жергілікті жұмыссыздарға ешқашан таңдау жасамайды. Арзан жұмыс күші тұрғанда, «бір адам болса да, Қазақстанның азаматы жұмыс істесін деген патриоттық ой сенде неге болмайды» деп сөккеніміз барып тұрған тоғышарлық. Ақын Қадыр Мырза Әлінің «Ең жаман жұмыс –жұмыссыздықтан жақсы» дейтін сөзі бар, әттең дипломмен жұмыс таба алмаса, ыңғайына қарай бейімделіп, мамандығын ауыстырып, жаңа кәсіптің иесі болудың орнына, майда-шүйдеге арбалып болмаса үйде жатып азып-тозғанды жақсы көреді. Жоғары түгілі орта білімі де жоқ, табылған қара жұмысты құл секілді істей беретін жұмысқа «біздікілер» аяғын аттап та баспайды. Бір нәрсе ғана белгілі, тау асып, тас басып, ағылып келіп жатқан тасқынның жергілікті жұмыссыздар санын одан ары арттырып, онсыз да ушыққан ішкі еңбек нарығын бұзатыны айдан анық. Мигрант деген ат естір құлаққа ғана жаман, ал ең жаманы, мигранттардың еңбек нарығында тепсе темір үзетін қазақтың жұмыссыз жігіттерін мүйіздеп, ығыстырып бара жатқаны...

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ 

Несие − басқару құралы

Дағдарыс. Осы сіз бір заңдылықты байқайсыз ба? Біздің елде дағдарыс қалай басталады, солай ашық түрде де, жасырын түрде де несие алу насихаттала бастайды. 2008 жылы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы басталды. Қаржылық құрылымдар дағдарып тұрғанда, әлбетте, жұртқа ақша берілмейтіні аян. Дегенмен, Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордан ақша бөліп, банктерді қаржыландыра бастады, ал олар халыққа оңды-солды несие берді.

Оңтүстікқазақстандық сақалды әйел отбасымен бақытты ғұмыр кешуде

Ал, күйеуі жарының бұл ерекшелігімен мақтанады, деп хабарлайды Newtimes.kz.