Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Шығыс Қазақстанда халықаралық әуежай салынбақ

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданына келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін және туристерді тарту мақсатында әуежай салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы сурет салу конкурсы өтті

Шымкентегі  Оқушылар сарайында  «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет салу конкурсы өз мәресіне жетті. Игі шараға ұйытқы болған - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен Шымкент қалалық білім бөлімі.

Банк борышкерлері туралы ақпарат бір орталыққа жинақталатын болады

Қазан айының 1 күнінен бастап Ұлттық Банктің коммерциялық емес еншілес ұйымы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ операциялық қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Жемқорлық  ел дамуына қатер төндіруде

Сыбайлас жемқорлық бүгінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр. Ол экономикалық дамуға, залалын келтіруде, еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде, деп есептейді Отырар аудандық ХҚКО маманы Н.Сұлтанханов.

ОҚО әкімі қарттар күні мерекесіне орай ардагерлермен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты дөңгелек үстелде зиялы қауым мен бірқатар ҰОС ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгi артып келедi

«Оңтүстiк» ақпарат орталығында облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығы директорының орынбасары Бақытгүл Ешмұратованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өттi. Онда Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығының жыл сайын 2 000-ға жуық мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiмiн көтерiп, бiлiктiлiгiн арттыруына мүмкiндiк туғызатыны айтылды.

Facebook жабылады ма?

Соңғы уақытта әлеуметтік желі бетттерінде «Фейсбук жабылады» деген қауесет жиі айтыла бастады. Марк Цукерберг өнімінің қолданушыларының бірі «фейсбук жоғалса, пікір алмасатын орта керек» деп жаңа алаң іздеп жатса, өзге бір тобы желінің жабылмайтындығына нық сенім білдіреді.

Венгрияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  конференция өтті  

Венгрия астанасы Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан Республикасының Венгриядығы Елшілігі ұйымдастырған «Ұлы Даладағы мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Еуропа төрінде алғаш өтіп жатқан жиынға Венгрия ғылым академиясы қолдау көрсетіп отыр.

Түріктер құрылысқа жүз миллион доллар инвестиция құймақ

Талдықорған орта­лығында салынатын көп­қабат­ты тұрғын үйлерді тұрғызу үшін түркиялық компаниядан 100 миллион доллар инвестиция құйылмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған  семинарлар өткізілді

«Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұл жоспарын талқылау мақсатында басқармада «дөңгелек үстел»  өткізілді» деп хабарлайды ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан. «Дөңгелек үстелге»  Шу-Талас экологиялық департаменті мен ОҚО тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің қызметкерлері және қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсетіп жүрген жобалаушылар қатысып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді де ортаға салды.