Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Ақтауда жас отбасылар пәтерлі болды

Ақтау қаласындағы 32 «А» шағынауданында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының аясында салынған пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жас отбасыларға арналған 60 пәтерлі екі үй, барлығы 120 пәтер тапсырылған. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

Түркістан мен Кентауда жаңа индустриалды нысандар бой көтеруде

Индустриаландыру бағдарламасы аясында Түркістан мен Кентау қалаларында жаңа 15 нысан іске қосылады. 

Маңғыстауда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

Ақтауда 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов қатысты.

Жақсыбеков елордадағы жаңа мектептердің құрылысымен танысты

Бүгін көшпелі кеңес барысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысып, 1 қыркүйекке дайындығын тексерді. Әкім ұстаздар құрамының жаңа оқу жылына дайындық барысымен және мектеп кітапханасының оқу әдебиетімен қамтылуынан хабардар болды. 

Көшпелі кездесу өтті

Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің  ақпараттық – насихаттық тобы Созақ ауданының халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырды. Аталған іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысымен ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы бойынша бес институционалдық реформаны насихаттау болып табылады.

Нұротандықтар халықпен кездесті

«Нұр Отан» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының өкілдері  тұрғындармен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мән-маңызын түсіндірді. Кездесу барысында аудандық «Нұр Отан» партиясының жарты жылдық есебі тыңдалып, алда бірлесе атқарар жұмыстар жоспары құрылды.

ОҚО-да 1 мыңнан астам мектеп ғаламтор желісіне қосылды

Оңтүстік» ақпарат орталығында Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Нұрлы Бектұрсынов 2015 жылғы 7 айдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жалақы сіңірген еңбекке қарай төленеді

Облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік Бекжанов  кәсіподақтар активімен кездесу өткізді. Тақырып Елбасының 5 институттық реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына арналды.

Мәсімов: Қазақстанда алғашқы қажеттілік тауарлары күрт қымбаттамайды

Қазақстанда алғашқы қажеттілік тауарлары күрт қымбаттамайды деп мәлімдеді  еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Созақта жемқорлықтың алдын алу жайлы сөз болды

ОҚО әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков бастаған ақпараттық-насихаттық топ Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті. Насихаттық топтың басты мақсаты 5 институционалды реформаныі мән-маңызын түсіндіріп, «100 қадамды» жүзеге асыруды қолға алу.