Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Қыркүйекте Астанада тұрғын үй алуға өтініш қабылдау басталады

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 4 қыркүйегінен 4 қарашасына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды.

Ата заң – алашымның айбары

"Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз" деген мақсатпен 1995 жылдың 30 тамызында еліміздің негізгі заңы – Конституция қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет ескеріледі

Елбасы «Ұлт жоспарында» да бұрынғыша сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Сондықтан алда бұл кеселмен күреске үлкен басымдылық берілмек. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Берік БЕКЖАНОВ мәлім етті.

Заң білген адам құқық бұзушылыққа бармайды

Өңiр басшысы А.Мырзахметовтiң төрағалығымен аппараттық мәжiлiс өтiп, онда облыс әкiмi бас инспекторлары мен аппараттағы бөлiм басшыларының алты айда атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта атқарар мiндеттерi айқындалды.

Жемқорлықпен күрес тақырыбы бойынша тренинг өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі тарапынан Біркөлік шатқалында «КазМикроФинанс» ЖШС-нің ұжымына тренинг өткізілді.

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті

«Нұр Отан» партиясының ОҚО бойынша филиалы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың болашақтың  бес институттық реформасы - «100 нақты қадам» бағдарламасын таныстыруы Түркістан қаласында жалғасты. Насихаттық топ қала халқы, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастармен бірге құнды құжатты талқылады. Келешектің кемел ойларын пайымдады.

Тәртіптік кеңесте жарты жылда 54 тәртіптік іс қаралған

 «Жергілікті жерлерде кәсіби мемлекеттік аппарат жақсы жұмыс істейтін болса, онда арыз-шағымдар орталыққа ағылмас еді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің еңбек нәтижесі және жұмыс ауқымына қарай ақы төлеу болатын болса, сонымен қатар, қызметтік пәтер берілсе, онда қызметкер еш нәрсеге алаңдамай, өз жұмысына құлшына кірісіп, зор жауапкершілікпен атқарады» деп есептейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы М.Ахметов.

Алматы және Астана университеттерінде оқу ақысы қандай?

2015-2016 оқу жылы Астана  және Алматы қалаларында оқу ақысы қандай болатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтады. Білім және ғылым министрлігінде ЖОО-да білім алу бағасы көтерілмейді деп отыр.

Мемлекеттік қызметкер жасаған еңбегіне қарай жалақы алады

«Жаңа реформа нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі бөліктен құралады, оның біріншісі – мөлшері бекітілген негізгі еңбекақы, ал, екінші бөлігі–жұмыс нәтижелері бойынша берілетін бонустардан тұрады. 

Оңтүстік өңірдің егістік алаңынан 72% астық жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысында егіс алқабының 72%-ында дәнді дақылдар жиналды, дақылдың 234,8 мың тоннасы бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингіне сілтеме жасап.