Соңғы жаңалықтар

Әлеумет

Астанаға азық-түліктің 65 пайызы өзге өңірлерден және шетелден келеді

Биылғы 7 айда Елордада 113 577 тонна өнім өндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Діни басқарма өткізген акция аясында бес жарым мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткен 2014 жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Көкшетау әкімдігіндегі мүгедектер автотұрағына «Лексус» джипі тұрып алған

Бүгін Көкшетау қалалық әкімдігінің автотұрағы мүгедектерге кедергісіз келешек жасаудың «жарқын» үлгісін көрсетті. Тек таңдаулыларға бұйыратын нөмірі бар «Лексус» мүгедектерге арналған тұраққа жалпағынан жатып алыпты, деп хабарлайды BNews.kz.

Жамбыл облысында биылдыққа төртінші мәрте үшем дүниеге келді

Дүние есігін жаңадан ашқан қыздарының есімдерін ата-анасы Ақнұр, Балнұр және Жаннұр деп қойған. Қазір нәрестелер анасымен бірге қалалық перинаталдық орталықта дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды 24 kz.

Алматыдағы аналар күні шарасында йогадан сабақ өткізілді

Алматы қаласында «Аналар күніне» орай өткізілген шара кезінде Гиннесс кітабының жаңа рекорды жария болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Алматыда бір күнде 200 тоннадан астам азық-түлік саудаға түсті

Бүгін Алматыда облыс ұсынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Сырбойылық қарттар кір тасын көтеріп рекордтар кітабына енді

Одақтас елден кір көтерген Сырбойылық ардагерлер олжалы оралды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Шымкенттік жалғызбасты мүгедек ананы 13 жасар баласы бағып отыр

Шымкенттік Бақдәулет Шолақов үш жыл бойы ауыр дертке шалдыққан анасын бағуда. 13 жасар бала қазір үйіндегі жалғыз қолғанат, деп хабарлайды «Жетінші арна».

Астанада жыл басынан бері мүгедектерге 88 көшпелі қызмет көрсетілді

Астанада жыл басынан бері ХҚКО мобильдік тобы мүмкіндігі шектеулі жандарға 88 көшпелі қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстанда семіздікке шалдыққандардың көбі – әйелдер

Қазақ тағамтану академиясының мамандары анықтағандай, соңғы алты жылда халқымыздың орташа алғанда үштен бірі семіздікке шалдыққан, деп хабарлайды Baq.kz.